АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасымыз Үндістан өкілі Сагар Джагланмен кездесті.
Нұрқожа Қайпанов белдесуді сенімді өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстан құрамасы дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге қол жеткізгенін жазғанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.