Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласындағы еркін күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: ҚР ҰОК

Қазақ палуаны Нұрқожа Қайпанов 74 кг дейінгі салмақтың финалында ресейлік Иналбек Шериевпен кім мықтыны анықтады. Бас жүлде жолындағы тартысты белдесуде Нұрқожа қарсыласына есе жіберіп, 2-орын алды.

Бүгін 28 жастағы Қайпанов ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы жалпы медаль санын төртеуге жеткізді.

2019 жылы Нұр-Сұлтан - күміс (-70 кг)

2024 жылы, Тирана - алтын (-70 кг)

2025 жылы, Загреб - қола (-70 кг)

2026 жылы, Астана - күміс (-74 кг).

Жалпы, Нұрқожа қазақ күресі тарихындағы ең олжалы спортшының бірі. Бұдан бөлек оның еншісінде Азия чемпионатының 3 алтыны, жазғы Азия ойындарының қола медалі бар.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде қарсыласын камбэкпен жеңді.