Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде қарсыласын камбэкпен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 469-ракеткасы Жібек Құламбаева жекелей сында Ченнай (Үндістан) WTA 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады. 

теннис
Фото: sports.kz

Жібек іріктеу сайысының финалында әлемнің 257-ракеткасы, жапониялық Мэй Ямагутимен бетпе-бет келді.

Бірінші парияда жапониялық спортшы 6:3 есебімен басым болды. Екіншісінде Ж.Құламбаева дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Жібек тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Екі сағат 50 минутқа созылған тартысты бәсекеде Құламбаева эйс жасамағанымен, 13 брейк-пойнттың сегізін пайдаланды. Ямагути 1 эйс, 8 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Жібек Құламбаева негізгі жарысқа жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жарақатына байланысты Токио турнирінің жартылай финалынан тыс қалғанын жазған едік.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Қытайдағы жарыстың финалына бір қадам жетпей тоқтады.

Жібек Құламбаева Үндістандағы жарысты жеңіспен бастады.