Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті.

Фото: ҚР ҰОК

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Жапония өкілі Йошиносукэ Аоягимен кездесті.

Нәтижесінде қазақстандық еркін күрес шебері қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалына шықты.

Финалдық белдесу ертең, 1 қарашада өтеді.

Еске салайық, бұған дейі Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алғанын жазған едік.