Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі
Фото: ҚР ҰОК

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинмен кездесті.

Нәтижесінде қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын, 11:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалдық белдесулер бүгін Астана уақытымен сағат 16:30–да басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Дәулетбеков (92 келі) ширек финалда Грузия балуаны Мириани Майсурадзеге жол берген еді.