Нұрлы жер: Ақтөбеде 81 пәтер пайдалануға беріледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Нұрлы жер» бағдарламасымен тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан «Хиба Наз» компаниясына субсидия берілді. Барлығы 81 пәтер биыл пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе еліміз бойынша құрылыс команиясының несиесін субсидиялаған алғашқы өңір. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысы жүргізілген 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасып, мемлекеттік бағдарламаның жеке құрылыс компанияларын ынталандыру бағыты бойынша несие пайызы субсидияланып жатыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе қаласында екінші жобаға субсидия берілді. «Хиба-Наз» ЖШС пайыздық үстемеақыны субсидиялау мүмкіндігіне қол жеткізді. Жылдық пайыздық мөлшерлеме - 14% , оның 7% «Даму» қорымен субсидияланды. Құрылыс компаниясы екінші деңгейлі банктен 195 миллион теңге алған болатын. Бұл қаржы биыл пайдалануға берілетін 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысына жұмсалды. Тұрғын үйде 81 пәтер бар»,- «Даму» Қоры Ақтөбе облыстық филиалының бас менеджері Әліби Сабыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Нұрлы жер» бағдаламасы аясында Ақтөбеде 194 коттедж салынып жатыр. Барлығы 22 таунхаус пайдалануға беріледі. Бұл тұрғын үйлер пайдалануға берілген кезде 1 мыңнан астам адам баспаналы болады . Қазіргі уақытта тұрғын үй құрылысына қажетті материалдарды 130 кәсіпорын өндіріп жатыр. Жоспар бойынша жаңа ықшам ауданда 1200 орынды мектеп, балабақша мен емхана салынады.