Мемлекет басшысы «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының қаржысына салынған жаңа Өнер орталығын аралап көрді.
Қазақстан Президентіне облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары өз өнерін көрсетті.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өнер орталығының қызметкерлерімен кездесіп, оларға шығармашылық табыс тіледі.
Айта кетерлігі, Өнер орталығында 1 200 орынға арналған өңірдегі бірегей концерттік зал бар. Орталықта көпшілік қатысатын іс-шаралар мен шығармашылық концерттер өткізіледі.