Кездесуде Сенат депутаттарының өңірлерге сапарларының қорытындылары мен жоғарғы палатаның алдағы сессияға жұмыс жоспары талқыланды.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Мәулен Әшімбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға бағытталған бастамаларды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері туралы пікір алмасты.