Саммит барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сонымен қатар коронавирус пандемиясына қарсы шаралар мен осы бағыттағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
20:08, 28 Желтоқсан 2021
Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен ТМД-ға мүше мемлекеттер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.