Нұрсұлтан Тұрсынов күрестен әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында келесі кезеңге жолдама алды.

Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз 87 келіге дейінгі салмақтың іріктеу кезеңінде Қатар өкілі Джафар Ханмен күресуі тиіс еді.

Алайда қарсыласы бозкілемге шықпағандықтан, жеңіс қазақстандық балуанға берілді.

Осылайша Нұрсұлтан Тұрсынов әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов (63 келі) Украина өкілі Максим Люге жол берген еді.

Бағдат Сабаз әлем чемпионатында Қырғызстан балуанын жеңгенін жазған болатынбыз.