Нұржан Әміржанов Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Нұржан Әміржанов Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалды.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Нұржан Мұратұлы Әміржанов 1986 жылы Абай облысында дүниеге келген.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Батыс Қазақстан су шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында инженер-гидротехник болып бастаған.

2011-2014 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғи ресурстарды пайдалану стратегиясы департаментінде және Табиғи ресурстар департаментінде сарапшы қызметін атқарған.

2014-2022 жылдары Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы болған.

2022-2025 жылдары «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры қызметін атқарған.

2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы сәуірге дейін «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, II кезең» жобасының бірінші компоненті бойынша бас техникалық кеңесші болған.

2026 жылғы сәуірден қазанға дейін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Жобалау-іздестіру жұмыстары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2026 жылғы 16 қазаннан бастап ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалды.

Айта кетейік, Евгений Кочетов ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды.