Жүк көлігінің жүргізушісі дер кезінде тежей алмай, Порт-Элизабет қаласынан Йоханнесбургке қарай бара жатқан жолаушы пойызының бірінші және екінші вагондарын барып соққан. Туиттерде тараған видеоға қарағанда, апат салдарынан пойыздың бірнеше вагоны рельстен шығып кетіп, өртенген.
Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр. Кейбір деректерге қарағанда, зардап шеккендердің саны жүзге жетуі мүмкін.
Shosholoza train derailed outside Kroonstad.@maroelamedia @afriforum @IanCameron23 @HantiO @crimeairnetwork pic.twitter.com/hsq4uuQuWC
— Marius Müller (@Marius4060) 4 января 2018 г.