«Біз ішкі істер департаменттері бастықтарын ешқашан тыңдаған емеспіз. ІІД бастықтары осында келіп, баяндайтын болсын. Қазір жергілікті полиция бар, олар да осы жерге келіп өздері атқарып жатқан жұмыстары жайында айтсын», - деді Үкімет басшысы. Осы ретте Б.Сағынтаев Нью-Йорктегі қылмыс деңгейін төмендету бағытында атқарылған жұмыстарды Президент Нұрсұлтан Назарбаев үнемі мысалға келтіретіндігін еске салып өтті.
«Таяуда ғана тек қаланың немесе облыстың ғана емес, Нью-Йорктің әр ауданында қылмыстың не жоғары не төмен екендігі көрсетілген мобильді қосымша бар екендігін оқыдым. Бұл қосымшаны бизнес жиі қолданады. Мәселен, қонақ үйлер өздерінің жарнамаларында қонақ үйдің Нью-Йорктің қандай да бір ауданында орналасқанын және ол жақта қылмыс деңгейі нөлге тең екендігін көсретеді. Сондықтан туристердің барлығы сонда барады», - деді ол.
Сонымен қатар Үкімет басшысы Нью-Йорктің жайлы аудандарындағы баспана бағасының да күрт жоғарылайтындығын айтты.
11:29, 05 Қазан 2016
Облыстық ІІД басшылары Үкімет отырысында есеп беретін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыстық ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция бастықтары ҚР Үкіметі отырыстарында атқарған жұмыстары жайында есеп беретін болады. Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.