АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігіне өгей әкесі бар отбасылардың жағдайын тексеру туралы ресми ұсыныс түспеген. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде вице-министр Еділ Оспан осындай мәлімдеме айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте өгей әкесі бар отбасыларды тексеру туралы ұсыныс айтылды. Бұл ұсыныс іске аса ма?» - деп сұрады журналист.
Еділ Оспанның айтуынша, министрлік мұндай ұсынысты талқылауға әзір. Тек ресми түрде ұсыныс түсуі керек.
Өгей әкелермен тұратын отбасыларды тексеру мәселесіне қатысты айтсақ, әр ұсынысты жан-жақты қараймыз. Бізге дәл мұндай ұсыныс ресми түрде түскен жоқ, - деді вице-министр.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.