OK Go тобы 4,2 секундтық клип түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың OK Go тобы 4,2 секундтық кезекті ролигін түсірді, одан 325 сәтті көруге болады, деп хабарлайды theverge.com.

The One Moment («Қас қағым сәт») деп аталатын трекке ұжым «Матрица» фильмінің стилінде клип дайындаған. Музыканттар көп камераның орнына тез жылжып, жеделдетілген режімде түсіретін біреуін ғана пайдаланған.

4,2 секунд ішінде экранда 325 түрлі оқиға болады, оны көрермен тек роликтің баяулатылған нұсқасында ғана байқай алады.