Облыс аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен алдын-алу, сондай-ақ жол ережесі бұзушылықты анықтауға бағытталған шарада тәртіп сақшылары жол қозғалысы қатысушылардың тәртібін сақтауын қадағалады. Жедел-профилактикалық шараға облыстық ішкі істер департаментінің 1 мыңға жуық жол-патрульдық полиция қызметкері және учаскелік инспекторы, басқа да бөлімдердің қызметкерлері жұмылдырылды.
Рейд барысында жүргізушілердің жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығуы, бағдаршамның тыйым салынатын белгісіне өтуі сияқты жол ережесін сақтамайтыны анықталды.
Сонымен қатар жүргізушілер жылдамдықты арттырып, маневр жасау тәртібін бұзған және 156 жағдайда көлік тізгіндегенде ұялы телефонды пайдаланған. Ал, қауіпсіздік белдігін қолданбаудың 225 дерегі анықталып, құқық бұзушылық пен және 29 техникалық байқаудан өтпеген жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Әкімшілік жазаға жол жүру ережелерін бұзған 14 жаяу жүргінші де тартылды. Қоғамдық көлік жүргізушілері болса еңбек және демалыс режимін бұзғаны және медициналық куәаландырудан өтпегені үшін, сондай-ақ куәліксіз жүк және жолаушыларды тасымалдағаны үшін айыппұл төлейтін болды.