ОҚО-да ауласына 900 түп көкнәр еккен тұрғын ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Көкнәр -2017» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Қарамұрт елдімекенінің 51 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ауласына 900 түп көкнәр егіп, мол қаржыға кенелуді көздеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Күдіктінің үйін тінту барысында табылған есірткі тектес өсімдік түптері айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Сот-криминалдық сараптамасы тәркіленген түптердің жалпы салмағы 11 кг асатын «көкнәр» есірткі заты екенін  растаған.  Қазіргі таңда осы дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 300- бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірумен» іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сезікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.