Қыздары жоғалып кеткен соң, ата-анасы полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары бірнеше күн іздестіру шараларын жүргізіп, қызды Шымкенттегі пәтерлердің бірінен тапқан. Тергеу барысында жасөспірім қыз ата-анасының тұрмысқа шығуына қарсылық білдірген соң осындай әрекетке барғанын айтыпты. Сондай-ақ сүйіктісінің өзін ұрламағанын жеткізіпті. Қазір осы жәйтке қатысты Қылмыстық кодекстің 126-бабы «Бас бостандығынан заңсыз айыру» бойынша іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде.
Сайрам аудандық ІББ мәліметінше, жыл басынан бері ауданда үйлену мақсатымен 17 қызды ұрлау дерегі тіркелгенін айтып отыр. Алайда барлық жағдайда тараптардың татуласуына байланысты істер қысқартылып кеткен.