Рейдтік шара кезінде полицейлер қаладағы сауналардың бірінен тұтынушыларға интимді қызмет көрсету үшін 5 мың теңге көлемінде сыйақы алатын жеңгетайды анықтады. Ол аталған саунаның әкімшісі болып жұмыс істеп жүрген.
Үшкүндік профилактикалық шара барысында осы тектес 21 қылмыс анықталып, жеңіл жүріске салынған 78 әйел ішкі істер органдарының есебіне алынды. Жеңгетайлардың барлығына қатысты қылмыстық із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, жыл басынан бері жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық бойынша 59 қылмыс тіркелген.