Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс көлемінде бір айдан астам уақыт аралығында 115 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілген. Бүгінде облыс орталығында ереже бұзғандарды анықтайтын 40-тан астам жол қозғалысын басқару жүйесі бар. Олардың ішінде «Редспид», «Интегра» және «Крис-П» жылдамдық өлшегіш құралдары тәулік бойы жол қозғалысын түсіріп, процессингілік орталығына жолдайды.
Орталықта апатты жағдайға апарып соғатын немесе жылдамдықты шектен асыру секілді жол ережелерін бұзуға қатысты фактілер тіркеліп отырады.