ОҚО-да жол-көлік апатында полицияның екі офицері қаза тапты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған жол-көлік апатында полицияның екі офицері ажал құшты.

ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты бүгін Сайрам ауданындағы Құтарыс ауылының жанындағы Шымкент-Шаян күре жолында орын алған. Сайрам ауданының 1995 жылғы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Тойота Камри» көлігі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, «Тойота Карина» машинасымен соқтығысты. Апат салдарынан оның 1977 жылғы жүргізушісі мен 1978 жылғы жолаушысы қаза тапты. Екеуі де полиция офицерлері болған.

Тәртіп сақшыларының қызметтік іссапарға шыққан. «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі мен оның 1997 жылғы жолаушысы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 345 бабымен сот алдындағы тергеу амалдары басталды, бірқатар сараптамалар өткізілуде.