Салтанатты іс-шара барысында тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуындағы Ел Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлін түсіндіру бойынша Елбасы саясатымен жасалып жатқан реформалар туралы Леонид Млечиннің «Вспомнить все» атты қысқаметражды деректі фильмі көрсетілді. Жиында сондай-ақ, ішкі істер саласындағы қызметінде абыройлы және кәсіби біліктілігімен танылған жүзге жуық қызметкер марапатталды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бұйрығымен 20 қызметкер алғысқа хат алды.
Салтанатты жиын соңы әншілердің қатысуымен болған концертке ұласты. Полиция қызметкерлерін құттықтауға келген эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.