Оның айтуынша, ер адам көбіне қоғамдық орындарды атап айтқанда, мектептер мен ЖОО-ларды жағалаған. Үстел үстіндегі қараусыз тұрған телефон, гаджеттерді, тіпті ноутбуктарды алып кетіп отырған. «Өзінің айтуынша, бұл қылмысқа біреудің айтқанымен барған. Ұрлаған заттарын соған апарып қомақты сыйақы алып отырдым дейді. Күдікті 20 рет қылмыстық іске барғанын айтты», - деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Есен Ысқақов.
13:53, 19 Мамыр 2017
ОҚО тумасы Алматы мектептерінде телефон ұрлаумен айналысқан
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көпшілік жерде телефон және басқа да гаджеттерді ұрлаумен айналысқан жігіт ұсталды. 19 жастағы жігіт ОҚО тумасы болып шықты. Бұл туралы қалалық баспасөз қызметі хабарлады.