Қайғылы оқиға 11 мамыр күні болған. Жұмыс орнына әйелін іздеп келген күйеуі жанжал шығарып, ақырында оған 5 рет пышақ сұғып алған. Бір соққы дәл жүрегіне тиген. Жарақат алған әйелді жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенімен, оны құтқару мүмкін болмаған. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
«Аталған факті бойынша Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасына қарасты әл-Фараби полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Күдікті қамауда», - делінген таратылған хабарламада.