Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елордалық оқушыларға сынып сағатын өткізді

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына орай бірыңғай сынып сағаты өтті. 

Биыл оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтап жатыр, оның ішінде бастауыш сыныпты 391 мың, негізгі мектепті 364 мың оқушы тәмамдады. Еліміз бойынша 217 мың оқушы мектеп бітіріп жатыр, оның 5 пайызы «Алтын белгіге» үмітті.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Айта кетейік, оқушылар оқу жылын «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағатын өткізіп қорытындылап жатыр. Ал ертең педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес, мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шарасы өтеді.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласындағы №104 орта мектепке барып, түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

- Сіздерге арнайы келген себебім, бірге пікір алмасып, 11 жылды қалай өткіздіңдер, қандай сезімдесіңдер, көңіл күйлеріңді білгім келді. Биыл сынып сағаты «Білімім – Отаныма» деген тақырыбын өтіп жатыр, мақсат – мектептен алған білімді, ертең елдің өркендеуіне бағытталуын дәріптеу, - деді Ғани Бейсембаев оқушылармен кездесуде.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Одан әрі министр әр сынып оқушысымен жеке танысып, олардың алдағы арман, мақсатын сұрады.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Еске салайық, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңырау кезінде ата-аналар мектептегі мерекелік іс-шараларға шығындалып, балаларды ысырапқа үйретпеуі керектігін айтып, үндеу жасады. 

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айта кетейік, соңғы қоңырау мен мектеп бітіру іс-шараларын өткізуде белгілі шектеулер қарастырылған.