Соңғы қоңырау: Оқу-ағарту министрі ата-аналарға үндеу жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы қоңырау кезінде ата-аналар мектептегі мерекелік іс-шараларға шығындалып, балаларды ысырапқа үйретпеуі керек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.

Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығы құрылады – Ғани Бейсембаев
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

- Соңғы қоңырау 25 мамыр болып қалады, ол тиісті бұйрықта тұр. Біз балаларымызға ақшаны орынсыз жұмсауға үйретпеуіміз керек. Өйткені мектеп – тәрбие ортасы, өскелең ұрпаққа үлгі. Қазір ата-аналар мейрамхана мен дәмхана іздеп әуре болып жүрсе, онда біз қандай ұрпақ өсіреміз? Сондықтан қарапайым және үнемді болған жөн. Барлық қаражатты мейрамханаларға емес, балалардың әл-ауқатына жұмсаған дұрыс. Ал жинаған ақшаны мейрамханаларға шашу – балалардың болашағы мен әл-ауқатына теріс әсер етеді, - деді Ғ.Бейсембаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салсақ, былтыр ел мектептерінде соңғы қоңырау 25 мамырда соғылды. 

Оның алдындағы жылы оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтетіні айтылған еді. 

Соңғы жаңалықтар