«Соңғы жылдары республикада оқытуда ерекше көзқарасты қажет ететін балалар санының өсу тенденциясы байқалады. Тек бір жыл ішінде психофизикалық даму бұзылыстары бар балалардың саны 8%-ға өсті (2024 ж. – 203 мың, 2023 ж. – 188 мың, 2022 ж. – 175 мың), сондай-ақ оқытуда ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары бар 1,5 млн-нан астам бала; әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени себептерге байланысты оқуда қиындықтарымен 500 мыңға жуық бала бар», - деп жазылған ресми мәліметте.
Осыған байланысты инклюзивті білім беруді бір жерден жүйелеп отыратын ұлттық ғылыми-практикалық орталық құру қажеттілігі туындап отырған көрінеді.
«Зерттеулер көрсеткендей, ерте қолдау арқылы ерекше көзқарасты талап ететін балалардың үлгерімін 100% жағдайда жақсартуға қол жеткізу үшін Үздіксіз инклюзивті білім берудің Ұлттық ғылыми-практикалық орталығын құру қажеттілігі туындады», - делінген құжатта.
Бұған дейін жазғанымыздай, «Бөбек» сауықтыру орталығы инклюзивті білім берудің ұлттық орталығына айналуы мүмкін.