Оқушы қыздардың өлімі: Алматының білім басқармасы мәлімдеме жасады
10:27, 17 Қыркүйек 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда екі жасөспірім қыз көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында қайтыс болды.
Алмалы ауданында орналасқан мектеп оқушыларының өліміне байланысты қалалық Білім басқармасы мәлімдеме жасады.
— Білім басқармасы тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, істің барлық мән-жайларын зерделеу жөнінде комиссия құрды, - деп хабарлады басқармадан.
Сондай-ақ Білім басқармасының баспасөз қызметі осы факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын және тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таратылмайтынын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда бір айда 6 бала терезеден құлап кеткенін жазған едік.