Экскурсия сенаторлар Нұртөре Байтелесұлы Жүсіп пен Айнұр Серікпайқызы Арғынбекованың жетекшілігімен өтті. Олар балаларға Сенаттың қызметі, құрылымы және негізгі міндеттері туралы әңгімелеп берді.
Оқушылар жалпы отырыс залына, халықаралық кездесулер залына, электрондық музейге, баспасөз орталығына және комитеттік тыңдаулар мен дөңгелек үстелдер өтетін кабинетке барды.
— Олар заң шығару процесінің қалай жүзеге асатынын өз көздерімен көріп, сенаторларға сұрақтар қойып, парламенттік қызметтің маңыздылығын тереңірек түсінді, — делінген хабарламада.
Экскурсия шынайы азаматтық сабаққа айналып, балаларды ел өміріне қызығушылықпен қарауға шабыттандырды.
Осыған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елордалық оқушыларға сынып сағатын өткізгенін жаздық.