— Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар. Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады, — делінген хабарламада.
Қызметті алу үшін:
• eGov.kz порталында тіркелу;
• «Білім» → «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;
• Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
• Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2025-2026 оқу жылының мерзімі мен каникул кестесі бекітілгенін жазған едік.