Оқушы оқулықты мектепке тастап кетіп, үйінде электронды нұсқасымен дайындала алады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларына осындай құқық беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқулық мәселесінеқатысты сынды бүгін Мемлекет басшысы да айтты. Оқулықтарымыздағы қателіктердіңболуы – тіпті даулы тақырыпқа айналып кетті. Сондықтан, бұл ретте амал-әдістітүпкілікті өзгерту керек. Жалпы, біз тұжырымдаманы өзгерткелі жатырмыз. Кейбірәріптестеріміз айтқандай, оқулық – қосалқы материал деген пікірге өз басымүзілді-кесілді қарсымын! Оқулық – көмекші құрал боп қалса, негізгі құрал неболмақ? Сол себепті, оқулық – біздің оқушыларды дайындауда негізгі құрал болыпқала береді. Бұл ретте ауқымды әрі кешенді жұмысты жүргізетінімізді айтқымкеледі», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында.

Министр өз сөзіндеавторлардың, сарапшылардың өзі оқытылатынын атап өтті. Асхат Аймағамбетовтыңайтуынша, оқулықтарға қойылатын талаптар әзірленіп қойған. Жуық арадамұғалімдер бірлестіктерімен ол талаптар талқыланбақ.

«Биыл министрлік «Жеңіл портфель» жобасын жүзеге асырады. Ол туралы айттық.Біз ата-аналарға таңдау бердік. Оқушы мәселен, талап-тілегі болса қағазоқулықтарын сыныпқа, мектепте тастап кетіп, үйінде электронды оқулықпендайындала алады. Ең бастысы, министрлік оқулықтардың электронды нұсқаларынпайдалануға құқық береді. Ары қарай ата-аналары өздері шешеді. Сол секілдіжұмыс дәптері барлық сыныптарға міндетті болмауы тиіс. Педагогтар ата-аналардыжұмыс дәптерін сатып алуға міндеттемеуі керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар