деп жазды «Айқын» газеті бүгінгі санында.
«Осыған қатысты айтарымыз: өткен жылы келеңсіз жағдай орын алды. 40 адам өз бетімен халықаралық олимпиадаларға қатысуға барған. Олар әрине, бұл жерде министрлік бекіткен олимпиадалардың тізбесі бар бұйрықты қарамаған. Мүмкін жергілікті жерлердегі білім ұйымдары мұны назардан тыс қалдырған шығар. Кейін осындай халықаралық олимпиадаға қатысқан түлектер ҰБТ-дан босату туралы өтініш берді», - деп мәлім етті Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаева.
Ол мектеп оқушыларына өз таңдауы бойынша олимпиадаларға қатысуға тыйым салынғанын еске салды.
»Кеше ғана онлайн режимінде интерактивті кеңес өтті, осыған орай басқарма басшыларының барлығын жинадық, мектеп оқушыларына өз бетімен түрлі олимпиадаларға қатысуына тыйым салынғаны айтылды», - деді ол.
Ш. Қирабаева олимпиаданы өз бетімен таңдау мен одан алған диплом ҰБТ-дан босатуға кепілдік бермейтінін айтты.
«Қазір кейбір жас түлектер белгілі бір олимпиадаға қатысуы мүмкін, жеңімпаз атанса, оған диплом беріледі, сонымен бітті, бірақ оның ешқандай күші жоқ, өйткені біздің министрліктің тізбесінде жоқ, ал мұндай дипломы бар оқушы - грантқа да ілінбейді, оны ҰБТ-дан босатуға да еш мүмкіндік жоқ», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаева. Қирабаеваның айтуынша, «Білім туралы» заңға сәйкес, тізбесін Білім және ғылым министрлігі белгілейтін жалпы білімдік пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының соңғы 3 жылдағы жеңімпаздары білім гранттарын алуға конкурсқа қатысқан кезде артықшылық құқыққа ие болады.
«Сонымен бірге, соңғы 3 жылда халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, үстіміздегі жылдағы халықаралық олимпиадаға қатысушылар да ҰБТ тапсырмайды. Балалар табельдерін, дипломдарын, сертификаттарын арнайы республикалық комиссияға тапсырады, мектепте 5 пән бойынша қорытынды емтихандарын тапсырады, сосын ҰБТ-дан босатылады», - деді орталық басшысы.
|
|
|
|
|