«Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылдың 27 наурызындағы үкімімен Саржан Құрманов жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып күш қолданғаны, зорлағаны, сексуалдық сипаттағы зорлық іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотпен 23 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәріберушінің пайдасына 5 миллион теңге моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді облыстық соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, оқиға өткен жылдың желтоқсан айында тіркелген болатын.
Ақтөбелік полицейлер 12 желтоқсанда кәмелетке толмаған балаға қатысты аса ауыр қылмысты ашты. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталмаған 21 жасар күдіктіні ұстады. Бұл қылмысты ашуға ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары басшылық еткен арнайы жедел-тергеу тобы айналысты. ҚР ҚК 120-бап 4-тармағы және 121-бап 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.