Олимпиада-2026: Италия медалдар кестесінде көш бастады

Фото: olympics.com

МИЛАН.KAZINFORM — Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті.

Алғашқы жарыс күні үш медальдар жиынтығы сарапқа салынып, 5 ел спортшылары жүлде еншіледі.

Италия спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте көш бастады.

Ал екінші орындағы Швеция құрамасы 1 алтын және 1 күміс медаль иеленді.
Үздік үштікті Швейцария құрамасы түйіндеді. Олардың қоржынына Олимпиада ойындарының алғашқы алтын медалі бар.

Сонымен қатар, норвегиялық спортшылар 1 күміс және 1 қола жүлде еншілесе, Канада құрамасы қоржынына 1 қола жүлде түсті.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін қазақстандық Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина шаңғы спортынан жарыс жолына шықты. 

Конькимен жүгіру жарысында Надежда Морозова 6-орын иеленді.