Олимпиада-2026: Қазақстандық могулшы қыздар жүлдесіз қалды
19:01, 11 Ақпан 2026
ЛИВИНЬО.KAZINFORM — Фристайл-млгулдан Қазақстан қыздар құрамасы Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының финалдық кезеңінде өнер көрсетті.
Ел құрамасы сапында Анастасия Городко 72.15 ұпай, Юлия Галышева 72.34, ал Аяулым Әмренова 68.47 ұпай еншіледі.
Ережеге сәйкес, алғашқы финалдық кезеңінде ТОП8 спортшы ақтық сында Олимпиада жұлдесін сарапқа салады. Осылайша, қазақстандық үш спортшыда жекелей сында жарыс жолын аяқтады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Павел Колмаков ерлер арасында фристайл-млгулдан қысқы Олимпиаданың финалына жолдама алды.
Геннадий Головкин қазақстандық могулшыларды қолдауға келді.
11 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды.