Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров алғашқы жаттығуын жасады

Фото: Сали Сабыров

МИЛАН.KAZINFORM – Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындары алдындағы алғашқы жаттығуын жасады. 

Милан мұз аренасында өткен жаттығуға спортшылар мұзды сезініп, жарысқа бейімделу үшін қатысады.

Айта кетейік, Милан-Кортина қысқы Олимпиадасының ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау додасында 24 елден 29 спортшы бақ сынайды.

Фото: Сали Сабыров

Михаил Шайдоров 10 ақпан күні жарыс жолына шығып, қысқа бағдарламада өнер көрсетеді.
Милан мұз айдыны Олимпиада ойындарының шорт-трек және мәнерлеп сырғанау жарыстарын өткізеді. 12 мыңға жуық көрермен сыятын бұл арена – Еуропаның жетекші спорт нысандарының бірі.

Еске салсақ, скиатлон бағдарламасында (10 км+10 км) Ұлттық құраманың екі спортшысы – Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков бақ сынады. Жарыс қорытындысында Әмірғали 45-ші, Наиль 49-орын алды.