«Жекпе-жек мен үшін оңай болған жоқ. Қарсыласым Демеу – өте мықты спортшы. Финалда соңына дейін күресті. Мен де жігерімді жанып, жеңіске жетуге бар күшімді жұмсадым. Қазақстандық спортшыларды, оның ішінде Демеуді ерекше құрметтеймін. Спортшы ретінде шеберлігін мойындаймын», - деді Нао Кусака.
Еске сала кетейік, отандасымыз Демеу Жадыраев 77 келі салмақта жапониялық қарсыласына 5:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын.
Бұған дейін қырғыз балуаны Ақжол Махмудов та Демеу жайлы ыстық ықыласын білдіріп, ол финалға шықпаса Олимпиаданың қоласын еншілей алмайтынын айтқан еді.