Отандық балуандар Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы дайындық кезеңін Алматы облысында өткізеді. Бұл Париж ойындарына дайындықтың үшінші кезеңі саналады.
Жаттығу жиыны 21 шілде мен 2 тамыз аралығында ұйымдастырылмақ. Оқу-жаттығу жиынына Олимпиадаға қатысатын балуандар мен олардың спарринг серіктестері қатысады.
Айта кетелік, жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан жалпы есебі 8 балуан сынға түседі. Олардың төртеуі еркін күрестен бақ сынаса, төртеуі - грек-рим күресінің өкілдері.
Бұған дейін балуан Мейрамбек Қартбай сұхбат беріп, Олимпиадаға барар алдында Алматыда жаттығу өткізетінін айтқан еді.