Ел намысын әлем біріншілігінде қорғап, көк Туымызды көкке көтерген Отандасымыз рухы мықты, күш-жігері тасып тұрған жалынды жастардың қатарынан. Кездесу барысында ол құқықтық тәртіпке жауапты жауынгерлерге өз ақыл-кеңесін айтып, Отанға адал қызмет етіп жүргендері үшін алғыс білдірді.
Шара соңында 5571 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ұлықбек Қараев та чемпионға жеңісімен елімізді әлемге мойындатқаны үшін ұландықтар атынан алғысын жеткізді.
Сондай-ақ құрметті қонақты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал- майор Талапкер Әміреевтің алғыс хатымен марапаттап, естелікке сыйлық табыстады.