91 келі санатындағы отандасымыз жартылай финалда Оңтүстік Корея боксшысы Ким Хьен Кюмен жұдырықтасқан болатын. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшы бірінен соң бірі екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Левит Азия чемпионатының қола медалін қанағат тұтты.
Сондай-ақ 64 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір жерлесіміз Санатәлі Төлтаев та жартылай финалда тәжікстандық Баходир Усмоновтан ұтылып, қола медаль еншіледі.
Еске салайық, осыған дейін 49 келі салмақтағы Теміртас Жүсіпов жекпе-жекке шығудан бас тартып, қола медаль алғанын жазған едік.
Осылайша, әзірге Қазақстан қоржынында Азия чемпионатының 3 қола медалі бар.
«Сары құрлық» додасының жартылай финалына 11 боксшымыз шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Ерлер:
49 келі. Теміртас Жүсіпов - Дипак (Үндістан)
60 келі. Зәкір Сафиуллин - Шива Тхапа (Үндістан)
64 келі. Санатәлі Толтаев - Баходир Усмонов (Тәжікстан)
75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Нұрсахат Паззыев (Түркменстан)
81 келі. Бек Нұрмағанбет - Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)
91 келі. Василий Левит - Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)
91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев - Сатиш Кумар (Үндістан)
Әйелдер:
64 келі. Милана Сафронова - Дан Ду (Қытай)
69 келі. Дариға Шәкімова -Ниен Чин Чен (Қытай)
81 келі. Фариза Шолтай - Пуджа Рани (Үндістан)
81 келі. Ләззат Күнгейбаева - Сяоли Янг (Қытай).