Олимпиадаға іріктеу: Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының олимпиадалық іріктеудің финал кезеңіндегі ойын кестесі белгілі болды.
Финалдық іріктеу кезеңі 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакия астанасы — Братиславада өтеді.
Ел құрамасы онда Олимпиада жолдамасын алу үшін Венгрия, Австрия және Словакия құрамаларымен шеберлік байқасады.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
29 тамыз, 17:00. Қазақстан — Венгрия
30 тамыз, 17:00. Қазақстан — Австрия
1 қыркүйек, 21:00. Словакия — Қазақстан
Қазақстандық хоккейшілер Олимпиада ойындарына екі мәрте қатысты.
Алдымен 1998 жылы Нагано Олимпиадасында жалпы есепте сегізінші орын алса, 2006 жылы Турин Олимпиадасында тоғызыншы орынды місе тұтты.
Айта кетсек, ел құрамасы Астана қаласында 14-18 тамыз аралығында өтетін шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Президенті кубогына қатысады.
Ол құраманың олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңі алдындағы дайындығы болады.
Биыл он үшінші мәрте жалауын көтеретін турнирге елордалық командадан өзге Ресейдің «Лада» (Тольятти), «Амур» (Хабаровск) клубтары қатысады.