Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, эстафета Қазақстанның барлық қалаларын қамтиды және Риодағы Олимпиада ойындары басталатын күні - 5 тамызда Алматыда аяқталады. Мотошерудің қашықтығы - 7 мың км жуық.
«Мотошеру еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ, келесі айда Бразилияға баратын олимпиадашыларды қолдау мақсатында өтіп жатыр. Меніңше, шара спортшыларымызға рух беріп, олар дүбірлі додада лайықты өнер көрсетеді», - дейді Қазақстан географиялық қоғамының және Қазақстан Байкерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Петрухин.
Мотошерудің туына еліміздің спортшылары өз қолдарын қоятын болады.