Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша аталмыш сайт арқылы ол бірнеше адамның сеніміне кіріп ақшасын жымқырған.
«Елорда тұрғыны 5 адамның сеніміне кіріп, олардың 356 мың теңге ақшасын иемденген. Ол Olx.kz сайтында жүргізуші куәліктерін жасау туралы хабарландыру жариялап, «Qiwi-әмиянға» ақша түскеннен кейін қоңырауларға жауап бермеген», - деді ол министрліктің баспасөз мәслихатында.
Қазір ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.