Омбудсмен балаларды 6 жастан мектепке қабылдауға қатысты министрге үндеу жолдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің атына балаларды бірінші сыныпқа қабылдаудың жаңа тәртібінің енгізілуіне байланысты үндеу хат жолдады. Бұл жөнінде омбудсменнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚазақстанРеспубликасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ҚР Білім жәнеғылым министрі Асхат Аймағамбетовке қоғамда резонанс туғызған 1 қаңтарданбастап балаларды орта мектептің бірінші сыныбына 6 жастан бастап қабылдаутәртібінің енгізілуіне байланысты үндеу жолдады.

Үндеуде әлемніңкөптеген елдерінде балалардың бастауыш білім алуы алты жастан басталатынхалықаралық тәжірибе атап көрсетілген. Бұл осындай практикаға көшу заңдылығынрастайды.

Алайда, омбудсменніңпікірінше, аталмыш жаңалықты жүзеге асыру маңызды пайымдаудыталап етеді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу туралыкодексінің 127-бабына сәйкес, оны орындамау айыппұлдан әкімшілік қамауға дейінгіжазаға әкеп соғады.

Көпшілік үшін бұлжаңалық күтпеген жағдай екенін атап өту қажет. Өйткені жаңа норманың күшінеенуі 2016 жылдың сәуір айында заң жүзінде қарастырылғанына қарамастан, қажеттіақпараттық-дайындық және тәжірибелік сүйемелдеу жүргізілмеген.

Жоғарыда аталған 6жасар балалардың ата-аналарының едәуір бөлігі бұл жастағы бүлдіршін тиістідайындықсыз оқу жүктемесіне психологиялық және физиологиялық тұрғыда дайын емесдеп санайды.

«Білім туралы» ҚРЗаңының 30-бабы бес жастан бастап балаларға міндетті мектепалды даярлық түріндемектепке дейінгі оқытуды белгілейді, ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда,жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалдысыныптарында жүзеге асырылуы тиіс. Аталған мемлекеттік білім беру ұйымдарындамектепалды даярлық тегін жүргізіледі.

ҚР Білім жәнеғылым министрлігінің бұрынғы басшылығының растауынша, жалпы білім беретінмектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды даярлықты ұйымдастыруғақатысты проблемалар болжанбаған. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, мектептердіңкөпшілігінде 5 жастан бастап балалардың дайындығы дұрыс ұйымдастырылмаған. Балаларды мектепке дейінгітәрбиемен қамтамасыз етпейтін 6 жасқа толған кезде балабақшалардан мәжбүрлепбосату жағдайлары кеңінен таралған.

Осыған байланысты 20 маусымдағы БҒМ басшылығының «мектепке дейінгі ұйымда немесемектептердің мектепалды сыныптарында мектепке дейінгі дайындық үшін жағдайболмаған кезде бала отбасы жағдайында мектепке дейінгі даярлық түрінде оқытудан өтуі тиіс» деген мәлімдемесінен соң осындай отбасылар күрделі мәселемен бетпе-бет келді.

Аталмыш мәлімдемедебірінші кезекте аз қамтылған отбасылар мен ауылдық жерлердің балалары өзіненазар аударуда. Белгілі себептермен жоғарыда көрсетілген дайындықты қамтамасызету тым күрделі болар.

Жалпы білім беретін мектептердің толып кетуі үндеу хаттағы басқа маңызды проблема болып көрсетілді.

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетініңдеректеріне сүйенсек, бірінші сынып оқушыларының жыл сайын тұрақты өсімі байқалады.Мәселен, 2017-2018 және 2018-2019жылдардағы бірінші сыныпқа тиісінше 358571 және 389897 оқушы қабылданды. Жаңалыққа байланысты алдағы оқу жылында бірінші сынып оқушыларының саныайтарлықтай көбеюі мүмкін, себебі 2012 және 2013 жылдары 768409 бала дүниегекелген еді.

Өткен оқу жылында білім беру объектілеріне қойылатын нормативтік санитарлық-эпидемиологиялықталаптар бұзылып, сыныптардың толымдылығы 25 оқушыдан асты.

25 сәуірдеҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті ведомство басшысына үшауысымда оқытуды жою жұмысын аяқтауды міндеттеді. Алайда, біріншісыныптардағы оқушылар санының ұлғаюына байланысты үш ауысымда оқытатынмектептер саны өсуі мүмкін.

Өзінің үндеу хатынқорытындылай келе омбудсмен уәкілетті органға жалпы жағымды бастаманы іскеасыру кезінде жағымсыз салдарды болдырмауға көмектесе алатын шараларды қабылдау мақсатында қалыптасып жатқан жағдайды жан-жақты талдаудыұсынды. Аталмыш мәселе ол бойынша оңтайлы шешімді әзірлеу үшін БҒМ Қоғамдықкеңес шеңберінде өтетін талдау пәні болар еді.

Соңғы жаңалықтар