Он күн бұрын жоғалып кеткен петропавлдық жігіт табылды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Он күн бұрын із-түзсіз кеткен Петропавл қаласының тұрғыны Руслан Моисеенко аман-сау үйіне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізде болса,27 жастағы Руслан Моисеенко 6 тамыз күні кешкі сағат жетілер шамасында үйінен шығыпкеткен.

СҚО Полициядепартаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қаласы Полиция басқармасы криминалды полиция бөлімініңқызметкерлері бірден іздеуге кірісті. Еріктілер де өз көмектерін ұсынды.Әлеуметтік желіде жоғалған жігіттің суреті мен белгілері жарияланып,туған-туыстары мен әріптестері сұралды.

15 тамыз күні жігіт аман-есен үйге оралды. Оның айтуынша, еңбекақы алғасын Нұр-Сұлтан қаласынаавтобуспен жол тартқан. Осы уақытқа дейін астанада болған ол үйіне жол-жөнекейкездескен көлікпен жеткен.

Соңғы жаңалықтар