Қазақстан экономикасы шикізаттық емес салалардың тұрақты дамуы есебінен 4,1%-ға өсті

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда ЖІӨ нақты өсуі қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа жеделдеп, 4,1%-ға жетті.

Фото: Kazinform

Өсудің негізгі драйвері мұнайға жатпайтын сектор болып қала береді. Ұлттық экономика министрлігінің бағалауы бойынша оның өсуі 5% - дан асады. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда мұнай өндіру көлемінің 8,4% - ға төмендеуіне қарамастан, экономиканың нақты секторы 5,1% - ға, қызмет көрсету саласы 3,5% - ға өсті.

Экономика шикізатқа жатпайтын сала есебінен өсуді жалғастырып отыр. ЖІӨ өсімінің 80% - дан астамын дамудың ең жоғары қарқынын сақтайтын өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда және көлік қамтамасыз етті.

Құрылыс өсу қарқыны бойынша көшбасшы болып қала береді. Бірінші жартыжылдықта орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2% - ға ұлғайды. 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,7% - ға артық.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 9,8% - ға өсті. Алты айдың қорытындысы бойынша шығарылған өнім көлемі 16,2 трлн теңгеге жетті. Бұл тау-кен өндіру саласының көрсеткішінен жоғары. Шамамен 15,9 трлн теңге.

Өңдеу өнеркәсібінің 40% - дан астамын құрайтын металлургиядағы өндірістің өсу қарқынының төмендеуіне қарамастан, өңдеу секторының өсуін басқа өндірістер қамтамасыз етті. Дайын металл бұйымдарын шығару 39,9% - ға, автомобильдер 31,6% - ға, фармацевтикалық өнімдер 43,6% - ға, химиялық өнімдер 20,7% - ға, резеңке және пластмасса бұйымдары 21,8% - ға, құрылыс материалдары 14,1% - ға, тамақ өнімдері 14,7% - ға ұлғайды.

Экономиканың басқа салаларында да оң динамика сақталуда. Сауда көлемі 5,7%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4% - ға, байланыс қызметі 4,3% - ға өсті.

Көлік-логистика саласы 7,1% - ға өсті. Өсім қосалқы көлік қызметінің 14% - ға артуымен, темір жол жүк тасымалы көлемінің 4,9% - ға және автомобиль жүк тасымалы көлемінің 11,4% - ға ұлғаюымен қамтамасыз етілген.

Жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Негізгі капиталға салынған инвестиция 9,6% - ға өсті. Ең елеулі өсім ақпарат және байланыс саласында. Ол 2,3 есеге, электрмен жабдықтау 61,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі 33,3%-ға, ауыл шаруашылығы 24,6%-ға және көлік 11,6%-ға байқалды.

Осылайша, шикізатқа жатпайтын салалардың қарқынды дамуы мен жоғары инвестициялық белсенділік Қазақстанның экономикалық өсуінің тұрақты негізін қалыптастыруды жалғастыруда.

Айта кетелік базалық мөлшерлеме әзірге төмендемейді