Өңірлерде Урбанистика орталықтарын құру мәселесі көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада урбанистиканы дамыту және өңірлерде Урбанистика орталықтарын құру мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өтті. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлім етті.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Семинар-кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қатысты.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

— Урбанистиканы дамыту, қалалық ортаның сапасын арттыру және елді мекендерді абаттандыру Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының маңызды бағыты, — деді Қуандық Қажкенов.

Форум барысында Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген жаңа тәсілдер, өңірлік дизайн-кодтарды дамыту, елді мекендердің сәулеттік келбетін қалыптастыру, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру мен кешенді дамытуға арналған заманауи тетіктер талқыланды.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қатысушыларға елорданың урбанистика саласындағы тәжірибесі, қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытында жүзеге асырылған жобалар және қалалық ортаны одан әрі жетілдірудің перспективалық бағыттары таныстырылды.

Баяндамалармен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, «ҚазОрталықТКШ» АҚ-ның, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» РМК-ның, Астана қаласының Урбанистика орталығының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар сөз сөйледі.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, еліміздің өңірлерінде урбанистиканы дамыту бағытындағы алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Шектен тыс урбанизацияны баяулатудың жолдары қандай екенін мына сілтемеден оқыңыз.

Айта кетейік, елордада жаңа урбанистикалық жобалар жүзеге асады.