— Айта кететін жайт, өңірлерге жіберетін барлық қаражат — ең алдымен халыққа арналады. Бұл үйлердегі су мен жылу, жақсы жолдар, мектептер мен ауруханалар, газдандыру және коммуналдық инфрақұрылымды білдіреді. Біздің міндетіміз — халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау, — деді Абзал Бейсенбекұлы Құрылтайда өткен бюджет таныстырылымында.
Бұл ретте республикалық бюджеттен берілетін трансферттер ғана емес, өңірлердің өзіндік қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы да қолдау көрсетіліп келеді.
Мәселен 2020-2025 жылдары жергілікті бюджеттерге жалпы сомасы 7,2 трлн теңгеге салықтар мен төлемдердің 6 түрі берілді.
— 2026 жылдан бастап төлемдердің тағы 6 түрі берілді. Осы шаралар жергілікті бюджет кірістерін шамамен 100 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірлердің өз кірістері 9,3 трлн теңгеге жетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға артық, — деді Қаржы вице-министрі.
Жалпы сипаттағы трансферттер 12 базалық бағыт бойынша өңірлік стандарттар жүйесімен байланыстырылды.
— Осылайша, біз адамдарға қажетті инфрақұрылымға қаражат бөлеміз және өңірлерге жергілікті мәселелерді шешуге көбірек өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге қолайлы жағдай туғызамыз, — деді А. Бейсенбекұлы.
Айта кетейік, Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтайда «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын таныстырды.
Елімізде келесі жылы әлеуметтік көмекке 6,9 трлн теңге бөлінеді.
Сондай-ақ, 11 жастағы ұлдарға вакцина салынады.