Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында қар көшкіні қаупі сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР ІІМ ТЖК қар көшкіні жүру қаупіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

 «Қалың қар түсуіне және 22-24 ақпан кезеңінде күннің жылынатынына байланысты Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Көшкін жүру ықтималдығы салдарынан қарлы беткейлерге жолға шықпау ұсынылады», - деп атап өтіледі хабарламада.