Оңтүстік Кореяда тағы да бір жойқын жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасының оңтүстік шығысында тербелісі 5,8 жер сілкінісі тіркелді. Метеорология басқармасының хабарлауынша, ол Кёнджу қаласынан (Кёнсан-Пукто провинциясы) сегіз шақырым қашықтықта тіркелген тербелісі 5,1 жер асты дүмпуінен бір сағаттан кейн болған.

Жер дүмпуі елдің барлық оңтүстік шығысындағы аумақтарда сезілді. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Сейсмикалық белсенділік елді қатты үрейлендірді. Үйлердің қирауынан сескенген Кёнсан-Пукто тұрғындары үйлерінен кетіп қалды.